|
1
|
|
|
2
|
- Полимерлерге молекулалық масса өзгеріссіз өтетін
реакциялармен қатар полимерлену дәрежесінің
өзгеруіне апарып соғатын реакциялар тән. Оларды екі
топқа бөлуге болады:
- молекулалық массасы өсетін реакциялар
- оларда оның төмендеуі де байқалады.
|
|
3
|
- Бірінші топқа тігілу реакцияларын жатқызуға болады –
макромолекулалардың көлденең байланыстарымен
қосылуы (эластомерлердің вулкандану, қатаю
реакциялары), блок- және
жалғанған сополимерлерді алу.
- Екінші топ – оттегі, сондай – ақ әртүрлі
физикалық факторлардың (жылу, жарық, сәуле
және т.б.) әсерінен өтетін бұзылу реакциялары.
Бұл реакциялардың ерекшелігі – елеусіз реакция тереңдігінде
полимердің физика – химиялық қасиеттерінің
әжептеуір өзгеруі. Мысалы, макромолекулаға
полимердің молекулалық массасы шамамен екі есе кемуі
және оның механикалық қасиеттері өзгеруі
үшін бұзылудың бір акті ғана жеткілікті болып
табылады. Макромолекулаға полимер еру қабілетін
жоғалтуы үшін бір молекула аралық байланыстың
түзілуі жеткілікті.
- Бұл реакциялардың көпшілігі техникалық
бағалы өнімдер алу үшін өнеркәсіпте
қолданады. Бірақ олар полимерлердің химиялық
түрленулерінде қосалқы да болуы мүмкін.
|
|
4
|
- Сызықты және тармақталған молекулалардың
қосылу реакциялары тігілу немесе құрылымдану деп
аталады және не тігуші агенттер деп аталатындардың не жылу,
жарық, радиациялық сәулелермен полимерге әсер
етуінен жүреді.
- Түзілген тігілген (торлы) полимерлер еру қабілетін, сондай –
ақ қайтымсыз иілімді деформациясын жоғалтады.
Олардың физика – механикалық сипаттамалары
қағида бойынша артады.
- Кинетикалық созылуға сеткалардың
бөлшектерінің
ептілігі төмендеген сайын сеткалар арасы жиілегенде,
олардың қаттылығы , босау температурасы,
термотөзімділігі артады.
|
|
5
|
- Каучуктерді вулкандау – иілімді каучуктерді немесе “ішкі” резина
қоспасын созылымды резинаға – кең температура
аралығында негізінен жоғары созылымды қасиеттерге
және тиісті эксплуатациялық сипаттамаларға ие
материалға түрлендірудің технологиялық процесі.
Каучукті вулкандағанда ол еруі мен термоиілімділігін
жоғалтады, жоғары созылмалдылық, беріктік деген
сияқты жаңа қасиеттерге ие болады.
- Бұйымға оптималды мәндерге жеткен вулкандау
уақыты вулкандау оптимумы деп аталады. Қазіргі таңда
вулкандау үшін күкірт, пероксидтер, диизоцианаттар, металл
оксидтері және т.б.
қолданылады. Оны 410 – 460К дейін қыздырып каучуккке
қажетті ингредиенттер мен күкіртті қосып
жүргізеді.
|
|
6
|
- ~CH – C = CH – CH2 ~ ~CH – C = CH – CH2 ~
|
|
7
|
- Күкірттің құрамы 3 – 5 % дейін болған
кезде жұмсақ, берік резиналар, ал 25 - 30% көп
болғанда морт сынғыш эбонит пайда болады.
Күкірттің құрамы вулкандау үшін минималды
– 0,1 % жуық, ал максималды тігетін күкірт
құрамы - 32%. Вулкандау процесін жылдамдату үшін
кейбір органикалық заттарды енгізеді. Олар вулкандауды
үдеткіштер деп аталады.
Вулкандау кезінде вулканизациялық тор тігу процесімен бірге
қосымша реакциялар өтуі мүмкін. Олардың ішінде
тотығу мен кейбір изомерлі түрленулер ішкі молекулалардың
күкіртпен қосылуының нәтижесінде
жүреді. Кейбір керек емес
реакцияларды болдырмау үшін вулкандаушы топтардың ішіне
екіншілік үдеткіштер активаторлар
- май қышқылдары мен металл оксидтері енгізіледі.
Вулканизация кезіндегі химиялық реакцияның механизмі
вулкандаушы топтың құрамы, каучук түрі
және процесс жүргізу шартына байланаысты. Күкіртті
вулкадаудың негізгі кемшілігі пайда болған
вулканизаттардың химиялық және термиялық
төзімділігінің төмендігі болып саналады. Пероксидпен
вулкандауда тігілу процесі бос радикалдар әрекетінен, яғни пероксидтердің жылу
бөлу арқылы каучукпен қоспа түзгенде пайда
болады. Эффективті болып кумил пероксиді мен трет – бутила болып саналады
|
|
8
|
|
|
9
|
- ~ CH2 – CH = C – CH ~ + CH – C = CH – CH2 ~ →
|
|
10
|
|
|
11
|
|
|
12
|
- Бұл олигомерлер көбінесе бутилкаучукті вулкандау үшін
қолданылады. Олар каучукпен қоспа дайындау кезіндегі еру
температурасында босап жұмсартқыштар ролін атқарады.
Олигомерлерді вулкандау 430 – 450К жүргізеді. Вулкандау процесі
металл хлоридтерімен (Sn CI2 2H2O
Fe CI3 6H2O Zn CI2 1,5 H2O ),
хлорсульфирленген полиэтиленменоксид цинкі қоспасымен және басқа қосылыстармен
үдетіліп дегидратия жүруге алып келеді.Резинаның
алкилфеноформальдегидті олигомерлермен ең негізгі
артықшылығы олардың жоғары температураға
төзімділігі мен созылмалдылығы болып саналады.
|
|
13
|
|
|
14
|
- R – CO – NH – R – NH – СО – R/
|
|
15
|
- ~ CH2 – CCl ~ ~CH2 – C ~
- CH = CH2 CH – CH2Cl
|
|
16
|
- ионизирленген « подвескалардың
» пайда болуы
- ~ CH2 – C ~ + ZnO → ~ CH2 – C ~
- CH – CH2Cl CH –
CH2 – O – Zn + Cl-
|
|
17
|
- Цинк хлоридінің қатысуымен ионды реакциялар дамиды , ол С-С
көлденең байланыстарының түзілуіне әкеліп
соғады, ол вулканизаттар қасиетіне кері әсерін
тигізеді.
- Магний оксидінің ролі тор тігу реакциясын болдырмау болы саналады,
ол магний оксидінің кеңістігінде адсорбциялау мен каучукті термиялық гидрохлорлау
кезінде Н CI түзілуімен жүреді. Одан басқа, магний
оксиді қоспалардың алдын – ала вулкандауға
тұрақтылығын, вулканизаттардың сапасын
жақсартады. Канифоль қосу арқылы вулкандау эффектісі
өседі. Ол вулкандауды жеңілдету үшін құрамындағы абиетин
қышқылы металдармен
тұздар түзетін болу керек.
|
|
18
|
|
|
19
|
|
|
20
|
- 2RCOOH + MgO → (RCOO)2Mg + H2O
- KaSO2Cl + (RCOO)2Mg → KaSO2OMgCl + RCOCl
|
|
21
|
- ~ CH*2 ~ → ~ CH ~ + H (1)
- ~ CH ~ ~ CH ~ (2)
- → ~ CH ~
- ~ CH ~
|
|
22
|
- Радиациялық сәулелену арқылы тігілу сондай – ақ
ион – радикалды реакция және электронды процестегі
қозған бөлшектер
қатыспай арқылы да жүреді. Тігілумен
қатар деструкция, циклизация және басқа процестер
жүруі мүмкін.сегменталды қозуды көтергенде
мысалы қыздырғанда тігу тездетеді бұл кезде
деструкциялық процестің де ролі артады.
- Бүйірлік топтары жоқ яғни стеритикалық кедергісі
жоқ полимерлер әлдеқайда оңай вулкандалады.
Кристалдану дәрежесінің өсуі тігу процесін
қиындатады. Көп жағдайларда тігу сутек бөлінумен
жүреді.
- Полимерлердің вулкандауға бейімділігі құрамында
үштік көміртек атомы бар (полипропилен) төмендейді, ал
төрттік көміртек атомдарымен (полиизобутилен, бутилкаучук,
полиметилметакрилат) сәулелену арқылы ешқандай
тігілуге түспейді. Полимер құрамында фенил
ядроларының болуы радиациялық вулкандау эффективтілігін
төмендетеді, олар сәулелену кезіндегі энергияны бойына
жұтады. Полимерлердің сәулелену композицияларына винил
топтарын ендіру деструкция дәрежесін, ал ароматтар – тігу
дәрежесін төмендетеді, бұл полимерлерді
радиациялық сәулеленуден сақтаудың бір
түрі болып табылады.
|
|
23
|
- Радиациялық вулканизация жылдамдығы сондай – ақ
молекулалық масса таралуына да байланысты: монодисперсті
полимерлер үшін бұл қасиет тән. Эластомерлер
негізіндегі вулканизаттар көбінесе төмен беріктік және
деформациялық қасиеттермен сипатталады, бұл
қатты көміртек – көміртек байланыстарының
түзілуіне әкеліп соғады. Бұл кемшіліктерді жою
үшін күкірт пен ионизирленген сәулелену яғни
комбинирленген вулкандауды қолданады. Жоғары физика –
механикалық және эксплуатациялық көрсеткіштермен
ол біруақытта күкірт және радиациялық вулкандау
арқылы алынған құрамында С – С және С – S
– С көлденең байланыстары резиналарға тән
қасиет. Радиациялық вулкандау кремниийорганикалық
каучуктерден түрлі бұйымдар алу үшін қолданыс
табуда.
- Радиациялық тігудің эффективтілігін радиациялық –
химиялық шығыспен G полимер 100 эВ энергияны бойына
жұтқанда көлденең байланыстармен сипатталады, ол
мән бірнеше тігілген полимерлер үшін G = 1 – 4 құрайды.
|
|
24
|
- Қатаю деп сұйық реакцияға түсуге
қабілетті олигомерлердің (немесе компоненттері бар
олардың қоспасының) қатты, ерімейтін,
балқымайтын үш өлшемді полимерлерге қайтымсыз
түрленуін айтады. Қатаю әр түрлі
реактопластарды, компаундтарды, желімдерді, лак – бояулы
қаптамаларды және т.б. алудың технологиялық
процестерінің негізгі сатысы болып табылады.
|
|
25
|
- Қатаю олигомерлердің функционалды топтарының
өзара немесе арнайы қосылған реагенттермен –
қатайтқыштармен химиялық әрекеттесуі
нәтижесінде жүреді. Қатаю механизмі олигомерлер мен
қатайтқыштардың құрылысына, процесс
жағдайына байланысты және полимеризациялық,
поликонденсациялық немесе араласқан болуы мүмкін.
- Қатаюдың екі сатысы бар. Біріншісінде қоспа
макромолекулалардың үш өлшемді торын түзуі
салдарынан ерігіштігі мен аққыштығын жоғалтады.
Жүйе аққыштығын жоғалтып және
сұйық түрде қоймалжың күйге
өту сәтін гель түзілу нүктесі деп атайды.
Қатайтқыш қосқаннан кейін қоспаның
аққыштығы мен өңделу қабілетін
сақтаған уақыты өмір сүру қабілеті
деп атайды. Өмір сүру қабілеті әдетте
температура мен қатайтқыш мөлшері артқанда
төмендейді.
- Қатаюдың екінші сатысында жүйе толығымен
құрылымданады. Гель түзілуден кейін қатаю
жылдамдығы функционалды топтар толық жоғалуынан
және диффузиялық процестердің бірден тежелуінен,
қатайған полимердің сегментті
қозғалғыштығының төмендеуі
салдарынан біртіндеп төмендейді.
- Қатаю инициаторлары – бұл радикалыдқ полимерлену
механизмі бойынша қатаю процесінің инициаторлары
қызметін атқаратын, бос радикалдар түзе ыдырайтын
қосылыстар.
- Катализаторлар поликонденсация немесе иондық полимерлену
механизмі бойынша қатайтқанда олигомерлердің
өзара немесе қатайтқыштармен әрекеттесуін
үдетеді. Олар үш өлшемді тор құрамына
енбейді, бірақ оның қасиеттеріне әсер ете отырып
материалда қалады.
|
|
26
|
|